Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Муиджон Тохирий президент Шавкат Мирзиёевтың жарлығымен Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.
Ислам Каримовтың жеке күзетін басқарған генерал-майор Муиджон Тохирий жөнінде бұрынғы президенттің үлкен қызы Гүлнәр Каримова 2014 жылы үйіне тінту жасағанын жазған.
Кейіннен Өзбекстанның Бас прокуратурасының сайтында Мадумаров, Авакян және Клюевалар экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған. Өзбек билігі Мадумаров пен Авакянды ірі коррупциялық қылмыс жасады деп айыптады.
https://www.youtube.com/watch?v=rD5i0-dQeMA