Ереванда ақша беретін екі банкоматты жарып, қаскөйлер ірі сомадағы ақшаны ұрлап кеткен.
Бұл туралы Sputnik Армения хабарлады.
Арменияның тергеу комитетінде жарылыстардың Арабкир және Кентрон қауымдарында орын алғанын хабарлаған. Кейбір деректерге сәйкес, Сарьян көшесінде банкомат жарылғаннан кейін тонаушылар 7,5 миллион драм (15 мың АҚШ доллары) ұрлап кеткен.