АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар терроризммен күресте тек қана әскери күшке сенім артуға болмайды деп мәлімдеді. Ұлттық қауіпсіздік проблемалар туралы қорытынды баяндамасында Обама өзінің әкімшілігі «Әл-Каиданы» жойғанын және «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын әлсіреткенін мәлімдеді.
Флорида штатының Макдилл әскери-әуе базасында сөйлеген Обама терроризмге қарсы тұру міндеттерін ұзақ мерзімді болашаққа жоспарлау қажеттігін айтты.
20 қаңтарда президент Барак Обама өзінің өкілеттігін АҚШ-тың сайланған президенті республикашыл Дональд Трампқа береді. Ол қазіргі президент әкімшілігінің терроризммен күресу әдісін сынға алған.
Трамп сайлауалды компания кезінде Обама мен Демократиялық партия атынан президентікке үміткер болған Хиллари Клинтонды ИМ-ді құрушылар деп атап, 2013 жылы Ирактан америкалық әскерді алып кеткеннен кейін, вакуум құруға мүмкіндік берді деп айыптады. Оның пікірінше, бұл экстремистік топтарға аумақты иеленуге мүмкіндік береді.