Соңғы уақытта ел көзінен тасада жүрген Сара Назарбаева халық алдына шықты.
Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.
Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің 9-шы есеп беру отырысына басты қонақ ретінде қатысты.
Кеңестің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер мен студенттердің рухани құндылықтарын арттырып, адамгершілікке тәрбиелеу.