АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өткен сайлауда демократиялық партия атынан түскен үміткер Хиллари Клинтонты қылмыстық қудалау ниетінен бас тартты. Бұл туралы Трамптың сайлау тобының менеджері хабарлады.
Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған уақытта жеке пошта серверін қызметте пайдаланғаны төңірегінде жанжал туған болатын. Сайлау алды науқанында Трамп саясаткерді осы әрекеті үшін қатаң сынға алған еді.
Осы уақытқа дейін Құрама Штаттарда қылмыстық қудалауды бастау немесе одан бас тарту құзыретіне бас прокуратура мен Федералдық тергеу бюросы иелік ететін.