АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин Лима қаласында Азия және Тынық мұхиты саммиті кезінде қысқаша кездесу өткізді. Екі мемлекет басшылары АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін алғаш рет жүздесіп отыр.
Ақ үй таратқан ақпаратқа қарағанда, Обама мен Путиннің кездесуі төрт минутқа созылған. Обама Путинді Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге қатысты Минск келісіміндегі міндеттерін орындауға шақырды.
АҚШ-тың жаңа президенті болып Дональд Трамп сайланғалы бері Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасының болашағы төңірегінде түрлі болжамдар айтылып келеді.