Ауа-райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі жолдардың бірқатар бағытында жол жүрісі шектеледі.
Астана мен еліміздің 5 облысында көлік қозғалысы шектелді деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Астанада кешкі 19:00-ден бастап күннің аяз болуына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.
Ақмола облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.
Шығыс Қазақстан облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.
Солтүстік Қазақстан облысында сағат 19:00-ден бастап күннің қатты суытына байланысты қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін барлық бағыттағы жолдар жабылады.
Павлодар облысында сағат 19:30-дан бастап күннің қатты суытына байланысты “Астана-Ерейментау-Шідерті” (205-259 шақырымында) Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумақ қоғамдық және дизельді автокөлікер үшін жабылады.
Сағат 19:30-дан бастап күннің аязына байланысты “Омбы-Майқапшағай” (426-587 шақырым) автокөлік жолының Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумағында қоғамдық көліктер мен дизельмен жүретін транспорттардың жүрісі шектеледі.