Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
466
-0.34
EUR
538
-1.33
RUB
5.62
-0.03

“Нұрлы жолдың” ақшасын жеген. Экс-спикер Қабиболла Жақыповтың ұлы парамен ұсталды (видео)

Қолдарына кісен салынғандардың бірі холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. 40 жастағы топ-менеджер Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауызбастырық алып отырған.

Топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған. Тергеу материалдарына қарағанда, топ-менеджерлер арзан үй салуға бөлінген қазына қаржысын осылай жүйелі түрде жымқырумен айналысыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз