Айша Айдынқызы жастықпен Түрік азаматына тұрмысқа шыққан. Арада 17 жыл өтсе де, ол әлі күнге дейін осы шешімі үшін қатты өкініп жүр.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды жазады Stan.kz
Айша Айдынқызы (есімі өзгертілді) жастықпен түрік азаматына тұрмысқа шығады. Артынша екеуі қолұстасып Түркия еліне аттанады. Алайда өз отанына барған соң, күйеуінің мінезі өзгеріп, өгей қыздары Айшаға күн көрсетпей қояды. Бұдан кейін Айша аяғы ауыр болса да, елге қайту туралы шешім қабылдайды. Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, өмірден опық жеген әйел қазақ қыздарына тек қазақ жігіттеріне тұрмысқа шығуға кеңес берді.
Екеуіміз түрік еліне барған соң да барлығы жақсы болды. Кейін қыздары маған қабақ шытып, жолдасым да суи бастады. Қыздарымен ашық айқасқа түсіп кеткендіктен, мен елге қайту туралы шешім қабылдадым. Осы сәтте көз қуанышым – ішімдегі балам еді. Бір жылдан кейін қыз бала босандым. Қыз ер жетті, қазір 16 жаста. Екеуіміз бірге тұрып жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тұрмысқа шықпадым.
Бірақ, қызыма қараған сайын, өзіме ешқандай бақыттың керек емес екенін сеземін. Барлық қыз-келіншектерге тек қазақ азаматына, өзіміздің тәрбиемізге сай, салт-дәстүрімізді білетін азаматқа тұрмысқа шығуға кеңес беремін” – дейді ол.