АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, мемлекет мүддесі үшін жаңа басшы республикашыл Дональд Трамппен әріптес болуға дайын екенін мәлімдеді.
Нью-Йоркте сөз сөйлеген Клинтон елдің екіге жарылғанын күтпегенін атап өтіп, жақтастарына сайлау науқанындағы қолдауы үшін алғысын білдірді.
“Мен Америкаға әрдайым сенемін”, – деді Клинтон.