Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағынан бруцеллезбен ауырған 392 бас ірі қара мал табылды.
Бұл ретте осы малдың барлығы «жергілікті» емес, олар Қостанай облысы аумағындағы жерлерге иелік ететін солтүстікқазақстандық фермаға тиесілі деп хабарлады ҚазАқпарат.
Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің бірінші әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке карантиндік іс-шаралар енгізуді келісуі тиіс барлық меморгандардың іс-қимылын жеделдетуді жеке өз бақылауына алу туралы тапсырма берді. Бұған қоса инфекция жұқтырған малды бақылаусыз көшіруге қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға шешім шығарылды.
Ағымдағы жылы Қостанай облысында үйдегі малдары «бруцеллез» диагнозына шалдыққан 16 елді-мекен анықталды. Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін осы ауыл малддарының жартысы сауықтырылатын болады.