Ресей АҚШ, Украина және Еуроодақ елдерінен тұз тасымалдауды доғарды. Бұл біздің ел үшін жақсы жаңалық. Қазақстанның тұз экспорты артуы мүмкін.
Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.
Сарапшылар: «Әсіресе Сыр өңіріндегі «Арал тұз» зауытының әлеуеті жоғары», – дейді. Зауыт жаңғыртылған. Қазір онда соны технологиялар қолданылады. Жылдық өндіріс қуаты 400 тоннаны төңіректейді. Қазір өнімдері көршілес елдерде сұранысқа ие.
Мәлік Тұрманов, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары
– Облыстық Статистика басқармасының мәліметі бойынша биылғы жылдың 8 айында біздің өңірден Ресейге экспортталған тұз көлемі өткен жылғы көлемнен 26 пайызға артқан. Біздің Аралдың тұзы қазірде Ресей нарқының 10 пайызын еңсерді.
Қазыбай Құдайбергенов, экономика ғылымдарының кандидаты
-Аралдың маңайындағы тұздың қоры шексіз деп те айтуға болады. Өйткені табиғат бәрін келтіріп жатыр. Тұз ашық өндіріледі. Сондықтан сөз жоқ, егер Ресей Америкаға, Украинадан және Еуроодақтан тұз алуды тоқтатқан жағдайда біздің тұзымызға сұраныс артады. Тұз құрамында Аралдың маңайындағы басқа кальциленген сода, тағы көптеген дүниелер бар. Солардың барлығының өндіріс қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.