ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің тұтқыны болған Қазақстанның 6 азаматының әрқайсысы 2500 евродан өтемақы алды.
Германия ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болғандарға өтемақы беруді бастады деп хабарлады Хабар 24.
“Немістермен соғысқа қатысқандар ақшалай өтемақы алды, шамамен 6 адам. Оның ішінде соғыс ардагері де бар. Өкінішке қарай, өтемақы қаражаты оның шотына қайтыс болған күні келіп түсті – деді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.
Еске сала кетелік, Германия өткен жылы немістің қолында тұтқын болғандарға ақшалай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазақстан атынан бұл төлемге 11 адам өтініш білдірген.
Шамамен 200 мың қазақстандық фашистердің қолына түскен. Қазір олардың арасында тірі қалғандары бар ма, ол жағы тексеріліп жатыр.
– Әкем 97 жаста. Оған берілетін барлық қаражат өзіне жұмсалады. Тамағына, киіміне, еміне, денсаулығын қолдап отыруға дегендей, – дейді соғыс ардагерінің баласы Мұхит Адасов.