29-қазанда Алматыда Алаштың ұлы Қанат Ислам ганалық боксшы Патрик Аллотеймен 12 раунд бойы шайқасып, жеңіске жетті. Сөйтіп қазақ баласы WBA Fedelatin және WBO Interсontinental сынды қос титулды меншіктеді.
Кейіннен сұқбат берген Қанат Ислам жекпе-жектің созылуына 2 және 3-раундтарда қолын ауыртып алуы себеп болғанын айтып еді. Алайда боксшының өкілдері оның денсаулығы жақсы екенін хабарлаған.
Желіде Қанат Исламның міне сол кезде жарақаттанған қолын түсірген суреттер пайда болды.