1 қарашада Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов кездесіп, екіжақты ынтымақтастық, транспорттық инфрақұрылым мен аймақтағы өзекті проблемаларды талқылаған.
Ресей президенті “экономикалық саладағы белгілі қиындықтарға қарамастан, екі ел арасында сауда айналымы өсіп келеді” деп атап өткен.
Бердымухамедов “экономикалық жағдайға байланысты кейбір көрсеткіштер төмендеп кеткен шығар, бірақ біз экспорт-импорт арасындағы тепе-теңдікті жақсы сақтап тұрмыз”, – деген.
Екі ел арасындағы басты тауар айналымы түркімен газының Ресейге экспортталуы болатын. Бірақ бұл 2016 жылдың қаңтарында тоқтап қалды.
Бердымухамедов халықаралық және аймақтық кикілжіңде өз елінің бейтарап саясат ұстанатынын еске салып, Ресеймен стратегиялық қарым-қатынас маңызды деп атап өткен.