Соңғы он жылда 800-ден астам журналист кәсіби қызметі үшін өлтірілген. Бұл туралы БҰҰ-ның мәлімдемесінде айтылды. 2 қараша – Журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні.
Он жағдайдың тоғызында қылмыскерлер жазадан құтылып шығады, деп есептейді БҰҰ. “Жазасыздықты – қылмыскерге сот тәртібімен жазалауда шара қолданбауды – адам құқығын бұзушылық деп атауға болады. Соның салдарынан журналистерге қатысты зорлық-зомбылық ғасырлар бойы толастамай келеді, оған қарсы шара қолдану керек”.
2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясында 68/163 қарары қабылданып, 2 қараша – журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні ретінде белгіленді. Дәл осы күні Малиде екі француз журналисі қаза тапқан еді. БҰҰ қарары ұйымға мүше-мемлекеттерді жазасыздыққа қарсы күресте нақты шаралар қабылдауға шақырады.