Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бақытбек Есентаевтың қорғаушыларының бірі Мырзатай Мұхтар Біржанұлы бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызының да келетінін айтты.
Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін, деген пікірлерін білдіруде. Ал процестің бір ерекшелігі бұл жерде алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Есентаевтардың отбасында болған жағдай қалың жұрттың жағасын ұстатты. Бақытбек Есентаев өзінің 20 жыл бойы отасқан әйелін пышақтап, ауруханадан бір-ақ шығарды.