Қазақтың ұлттық киімімен Хэллоуин мерекесін тойлағандардың суреті әлеуметтік желіде пайда болып, елді дүрліктірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары ұлттық костюм киіп, кельттердің ежелгі әулиелер күні мерекесінің құрметіне орай боянған қыз бен жігіттің суретіне түрлі баға беріп жатыр.
– Ұлттық костюмді осылай интерпретациялауға болмай ма екен? Бар әлемде адамдар самурай, гейша, шотланд белдемшелерін киеді, Аленушка сияқты шашын өсіреді, Апачи үндістері қаншама, Марий Антуанеттер ше? Бұлар да түрлі халықтардың ұлттық киімдері! Солар біреудің көңіліне тиіп пе? (…)
Мұрамызбен қызықты образдар жасауға болатынын көрсетіп бердік. Масқаралау немесе біреудің шамына тию туралы ойымыз болған жоқ
, – деді Ромен.