Астанада атышулы істі қарап жатқан судья бүгін Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты тергеуді аяқтап, үкім шығару үшін кеңесу залына шығып кетті. Әзірге билікті күшпен басып алмақ болған Төлешовке қандай жаза кесілері белгісіз.
Бұл туралы КТК арнасы арнасы хабарлайды.
Сот процесі бір жарым айға созылып онда мемлекеттік құпия айтылғандықтан, жабық түрде өткенін айта кетейік. Төлешовке қарақшылық, қылмыстық топ құрған, адамды заңсыз ұрлап, кісі өлтірген, билікті күштеп басып алмақ болды деген 16 бап бойынша күдікке ілініп отыр.