Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
22
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бейбіт Атамқұлов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

 

1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда – өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс атқарды.  2006 жылдан бастап – кеңесші, Ресейдегі Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі. 2007 жылдан бастап – Ирандағы Қазақстан елшісінің елші-кеңесшісі.

2008 жылдан бастап – Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы. 2010 жылдан бастап – Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин республикасында Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан бастап – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.  2014 жылдан бастап – Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015 жылы 8 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылғаны хабарланған еді.

Министрлік қызметінің негізгі бағыттары – қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік),  бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық болмақ.

 

photo_30092

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз