Мәскедің округтық әскери соты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты істі қарайтын алқа билер сотын жасақтады. “Москва” агенттігінің хабарлауынша, сот сәрсенбі күні 12 негізгі және 10 қосалқы алқа биді таңдап алған.
Соттың алғашқы отырысы 3 қазанға белгіленген.
Борис Немцов 2015 жылы 28 ақпанда түнде Мәскеу орталығында, Кремльге жақын маңда атып өлтірілді. Істе бес күдікті бар: ішкі әскердің бұрынғы офицері Заур Дадаев және төрт Шешенстан тұрғыны. Немцовтың туыстары мен жақтастары кісі өлтіруге тапсырыс берушіні табуды және Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты тергеуді талап етті. Олар Қадыровты осы қылмысқа қатысы бар деп есептейді.