Бір жарым айға созылған тергеу Ақсай қаласындағы жанар-жағармай бекетіндегі төтенше жағдайдың кәдімгі газ балонының кесірінен болғанын анықтады.
Ал бекеттің өзінен ешбір техникалық ақау табылмаған деп хабарлады КТК телеарнасы.
Оқиға тамыз айының басында Ақсай қаласында болған еді. Шағын шаһардың кіре берісінде орналасқан жекеменшік жанармай бекеті алдымен отқа оранып, кейін жойқын жарылыс болды. Салдарынан бекеттің бір жұмысшысы мен Қарақұдық ауылдық аймағы әкімдігінің жүргізушісі ажал құшқан.