Саясаттанушы Әзімбай Ғали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тіліне қатысты басынан өткен сорақы жағдайды айтып беріпті. Оқыдық. Ойландық. “Сулпак” дейтін дүкендегі сатушы қыз “қазақшаңды түсінбеймін. Алатын затыңды орысша сөйлеп ал!” деп қазақтың білдей азаматын, ұлтжанды ұлын жер қылыпты. “Сулпак” сонша кім еді?
Мен тұтынушы ретінде тіл сұрап келген жоқпын, мен зат алуға келген едім. Солай. Мен зат алуға келіп, дауға кезіктім. Қан қысымым көтеріліп, үйге жеткенше (үйде дәрі бар) иманымды айтып келдім.
Осыдан біраз уақыт бұрын сол дүкенде тағы бір шығыс қызымен де тура сондай жағдай болған.
Мен соңғы рет сол дүкенге барғанда ол қызды көрмедім. Қалай болса да “Сулпакта” тек орысша еркін түсінетін клиентке ғана қызмет көрсетеді, басқа жағдайда бір типтес оқиға екі рет қалай қайталанады? Әйтеуір менде күмән бар, ал сіз қалай ойлайсыз?
Тұтынушыны тілге байланысты шеттету “Сулпакка” керек пе? “Сулпак” менеджерлері менің арызымды оқып, шара қолданар деген үміттемін”, дейді Әзімбай Ғали.