Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Coca-Cola Içecek Kazakhstan Ақтөбедегі жаңа зауыт құрылысына 41,9 млрд теңге көлемінде қаржы салады

Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) аясында келісімге қол қойылуы мемлекет пен халықаралық инвесторлар арасындағы стратегиялық диалогтың маңыздылығын айқындады. Компанияның Шымкенттегі зауытын іске қосуы (инвестиция көлемі 27 млрд теңге, 2025 жылы ашылған) мен Ақтөбедегі жаңа зауыт құрылысының басталуы арасындағы қысқа уақыт аралығы Coca-Cola Içecek-тің Қазақстандағы инвестициялық белсенділігінің жоғары қарқынын көрсетеді.

«Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының Ақтөбеде жаңа зауыт салуы – мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Бұл жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи әрі экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге ықпал етеді. Біз халықаралық компаниялардың Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген қызығушылығын құптаймыз және оларды іске асыру үшін қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Coca-Cola Içecek (CCI) туралы анықтамалық ақпарат

Coca-Cola Içecek – Anadolu Group құрамына кіретін халықаралық сусын өндіруші компания. CCI 12 елде қызмет етеді, оның ішінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ирак, Иордания, Пәкістан, Бангладеш, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия бар.

  • 36 құю зауыты
  • 3 жеміс өңдеу зауыты
  • 10 000-нан астам қызметкер
  • 1,2 млн сауда нүктесі
  • Өнімдері 600 млн адамға қолжетімді
  • Портфелі – 25-тен астам бренд: газдалған сусындар, су, шырындар, салқын шай мен кофе, спорттық және энергетикалық сусындар

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы уақыт ішінде:

  • ел экономикасына салынған жалпы инвестиция көлемі – 106 млрд теңгеден астам,
  • 2013 жылдан бергі салық түсімдері – 259 млрд теңгеден аса,
  • ЖІӨ-ге қосқан үлесі – шамамен 475 млрд теңге.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз