Нұр-Сұлтан
Қазір
-25
Ертең
-26
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Желтоқсанда зейнетақы қорынан 221 млрд теңге алынған

Желтоқсандағы басты бағыт – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымды одан әрі толықтыру болған. Осы мақсатта берілген өтінімдер саны бір айдың ішінде төрт есеге өсіп, 182 мыңға жетті. Ал бұл бағытта шешіп алынған қаражат көлемі 118,8 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ ел тұрғындары зейнетақы жинақтарын ипотекалық қарыздарын өтеуге де кеңінен пайдаланған. Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі аясындағы несие міндеттемелерін жабуға арналған өтінімдер саны да желтоқсанда айтарлықтай артқан. Сарапшылар мұндай серпінді желтоқсан айында жарияланған маңызды жаңалықпен байланыстырады.

«Желтоқсанның алғашқы он күнінде 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің өсетіні белгілі болды. Ол 1 қаңтардан бастап орта есеппен 10 пайызға артты. Осыған байланысты салымшылар 2025 жылдың соңына дейін қаражатты бұрынғы талаптармен алып қалуға тырысты», — деп хабарлады Деректерді өңдеу орталығы.

Осылайша, жеткіліктілік шегінің өсуі туралы хабар зейнетақы қорынан қаражат алуға түрткі болып, жыл соңында өтінімдер легін күрт көбейтті. Ал 2026 жылдан бастап бұл мүмкіндікті пайдалану көпшілік үшін бұрынғыдан қиындай түсуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз