«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ұсынған дерекке сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 26 625 сәби дүниеге келген. Бұл облыстағы демографиялық ахуалдың оң бағытта қалыптасып отырғанын аңғартады.
Отбасылық көрсеткіштер де көңіл қуантады. Өткен жылы Жамбыл облысында 6 030 жұп заңды некеге тұрған. Ал ажырасу бойынша тек 1035 жұп тіркелді. Осылайша, әрбір алтыншы неке ғана бұзылып отыр. Мамандар мұны өңір тұрғындарының отбасы құндылықтарына деген жауапкершілігінің артқанымен байланыстырады.