Бес адамды өлтіріп, 8 адамды жарақаттаған Руслан Күлекбаевты тұтқындау мерзімі 18-қазанға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Алматыда Алмалы аудандық сотында жария болды деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Тұтқындау мерзімі үшінші айға, 18-қазанға дейін ұзартылды», – делінген сотта.
Қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, ол қаланың бірнеше орындарында атыс ұйымдастырған. Кейіннен «Қазақконцерт» ғимараты маңында ұсталды. Атыс салдарынан 5 адам қаза тапты. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 269-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды.
Қаланың ішкі істер департаментінің деректеріне сәйкес, Күлекбаев қару қолдана отырып, тонау, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстарына қатысқан.