Танысып қойыңыз! Бұл кеше ғана Қазақстанның премьер-министрі орынтағына жайғасқан Бақытжан Сағынтаевтың қызы — Меруерт Ибрагим.
Бұл арудың Instagram-дағы парақшасына тыным жоқ, оған әлемнің әр түкпірінен 42 мың адам жазылған.
29 жастағы Меруерт — Qazaq banki-нің акционері Бақыт Ибрагимнің әйелі. Әкесі анау, жолдасы мынау деген жас қыз қарап отырсын ба, ол сән саласындағы қазақстандық Buro24/7.kz порталының қожайыны.
Qazaq banki-нің акционері Бақыт Ибрагим екеуі 2008 жылы қосылған, олардың тойына сол кезде 1 миллион доллар жұмсалған деседі. Бұл Бақыт Ибрагимнің екінші некесі.