Қасиетті Құрбан Айтта Астанадағы “Хазірет Сұлтан” мешітіне келген халықты алды-артынан “спецназдар” қоршап алыпты.
Бұл туралы өзінің Facebook`тегі парақшасында белгілі блогер Сырым Абдрахманов жазды. “Құрбан Айт құтты болсын, достар! Тілектеріңіз қабыл болсын! Сабыр сақтап, үндемей-ақ қояйын деп едім, бірақ бұндай олқылықтарды айтпасақ болмайды! Астанадағы “Хазірет Сұлтан” мешітін “спецназдар” қоршап тастады. Қасиетті мереке кезінде адамдардың жүріп тұруына осылайша қиындық туғызып жатыр. Адамдарға бұлар қарауға болмайды? ” деп жазыпты Сырым Абдрахманов.