Түркия полициясы мұғалімдер шеруін газ бен су атқыш қолданып таратты.
Көшеге негізінен күрдтер тұратын Диярбакыр қаласының тұрғындары шыққан деп хабарлады ТАСС.
Таяуда Түркия билігі 12 мың мұғалімді жұмыстан шығарған болатын. Олар «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырларымен байланыста болды деп айыпталды.
Айта кетейік, Түркияда зиянды кадрларды жаппай тазалау шаралары шілде айында мемлекеттік төңкеріске қатысты басталған еді. Содан бері Анкара бүліктің басты ұйымдастырушысы ретінде айыптайтын Фетхуллах Гүленді қолдайды деген күдікпен 80 мың адамды қызметтен қуды.