Білім күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте тіл үйрету зертханасы ашылды. Әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша оқытатын тіл зертханасында 33 тілді үйренуге мүмкіндік бар.
Бұл туралы Аktobenews.kz хабарлады.
Әр лицензияның құны орта есеппен алғанша 1500 доллар тұрады. Тұтастай алғанда, бағдарлама 40 мың долларға сатып алынған.
— Демеушілердің көмегімен мектепке лицензиялық 19 бағдарлама сатып алынды. Оның 18-і — оқушыларға, 1-і мұғалімге арналған. Қазір осы бағдарламаны түгел орнаттық. Мұнда 33 тілді үйренуге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта қазақ тілді контент жасақталып жатыр, желтоқсан айына қарай оны арнайы орнатамыз, — дейді Britannica компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті серіктестігі «Knovledge Partners» компаниясының директоры Диляра Сейітнұрва.
Сейітнұрованың айтуынша, бұл бағдарлама арқылы балалар 5-6 айдың ішінде ағылшын тілін түсінуге, орташа дейгейде сөйлеуге үйрене алады. Тек оқушылар ғана емес, мұғалімдерге де тиімді болып отыр. Келесі жылдан бастап математика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болса, осы пән мұғалімдері де алдын ала ағылшын тілін осы бағдарлама бойынша үйреніп алуына мүмкіндік бар.
„Сондықтан біз жаңашылдықтан қорықпаймыз, оған сақадай сай дайынбыз„ – дейді ол.