Ақтауда 6 жасар бүлдіршінді қорлауы мүмкін деп іздестірілген күдікті құрықталды. Ол қала сыртындағы бір құрылыс нысандарынан табылды.
Қалалық ішкі істер департаменті „Иваныч„ дүкеніндегі бейнетаспаға түсіп қалған, кішкентай бүлдіршінді қорлады деп күдікке алынған азаматтың ұсталғанын хабарлады. Ер адамды кеше, 23-тамызда Ақтау қаласының сыртындағы құрылыс нысандарының бірінен тапқан, – деп хабарлады Тумба жергілікті басылымы.
– Іздестірілген ер адам ұсталды. Құқық қорғау органының қызметкерлері барлық тергеп-тексеру істерін жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды, – деді Маңығстау облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Шолпан Юлдашева.
Бір уақытта апасы қыздың жоғын байқайды. Бастапқыда оны әкесі алып кеткен шығар деп ойлайды. Алайда ұлына қоңырау шалып, баланы ол алып кетпегенін біледі. Сөйтіп, апасы немересін іздей бастайды. Екі сағат бойына қызды жақын адамдары жан-жақтан іздеп, шарқ ұрады. Содан кейін барып, олар полицияға хабарласады. Баланы іздеуге Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылады.
Тек 4 сағаттан соң полиция қызметкерлері қансыраған қызды „Нұр Плаза„ жағалауына қарама-қарсы бау-бақша ауданынан тауып алады. Оны шұғыл түрде балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізеді.
Одан кейін құқық қорғау құрылымы осы жантүршігерлік оқиғаға қатысты күдіктіні түсірген видеоны жариялаған болатын. Ондағы ер адамның кескін-келбеті артынан суреттеліп, оған іздеу жарияланды.