Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтауда бүлдіршінді қорлаған күдіктіні түсірген видео жария болды

Біздің басылымға белгілі болғандай,

бұл істе қыздың шыңғырған даусын естіген, ер адамның “Nexia” көлігіне мінгенін көрген куәгер бар.

Ақтаудың ішкі істер департаменті осы видеоны барынша көп таратуды сұрап отыр.

Еске сала кетелік, 20-тамызда Ақтауда апасы мен немересі дүкенге жұмысқа келеді. 6 жасар қыз қайта-қайта көшеге шығып ойнағысы келетінін айтқан. Жұмысбасты апасы ұлына хабарласып, немересін алып кетуді сұрайды.

Бір уақытта апасы қыздың жоғын байқайды. Бастапқыда оны әкесі алып кеткен шығар деп ойлайды. Алайда ұлына қоңырау шалып, баланы ол алып кетпегенін біледі. Сөйтіп апасы немересін іздей бастайды. Екі сағат бойына қызды жақын адамдары жан-жақтан іздеп, шарқ ұрады. Содан кейін барып, олар полицияға хабарласады. Баланы іздеуге Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылады.

Тек 4 сағаттан соң полиция қызметкерлері қансыраған қызды „Нұр Плаза„ жағалауына қарама-қарсы бау-бақша ауданынан тауып алады. Оны шұғыл түрде балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізеді.

Дәрігерлер егер қызды жарты сағатқа кешігіп тапқанда, одан айырылып қалуымыз мүмкін еді деп айтып отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз