Спорттық арбитраждық сот (CAS) қырғыз ауыр атлеті Иззат Артықовтың қола медалін қайтарып алды. Артықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді.
18 тамыз күні шыққан шешімге сәйкес, атлеттің допинг-сынамасынан рұқсат етілмеген зат – стрихнин табылды. CAS мәліметіне қарағанда, Артықов жарыстан шеттетілді және жүлдесінен айрылды.
Еске салайық, 10 тамызда Иззат Артықов 339 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Бұл қола – Риодағы Ойындарда Қырғызстан құрамасының қоржынындағы жалған медаль еді.