Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Балқашта бір әйел бомба жармақ болды

Бірден аталған мекен-жайларға барлық шұғыл қызмет өкілдері жұмылдырылды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан 120 адам эвакуацияланды. Алайда ештеңе табылмады.

„Жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Ол қазір өз кінәсін мойындап отыр. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір әйел уақытша ұстау абақтысына тоғытылды», – деді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз