Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Сақалды апа қуанышты жаңалығымен бөлісті (видео)

397

sakadly«Осы күнге жеткеніме, немере келіннің қолынан шай ішу бақытын Құдайдың бұйыртқанына мың шүкір! – дейді Мухтабар апа. – Осыдан біраз уақыт бұрын оң көзім қатты ауырып, жанарымнан айырылып қаламын ба деп қауіптеніп едім. Қалай болар екен, шалымның артынан баратын уақыт жеткені ме деп іштей қинал­ғанмын. Бірақ көретін жарығым бар екен, балаларым Ташкентке апарып, үш миллион сум төлеп, көзіме ота жасатты. Содан бастап көзім шайдай ашылып қалды. Бүгінде, міне, немере келінім Зулфизар берген тәп-тәтті шайды ішіп, мәз-мейрам болып отырмын. Бұйыртса, таяу уақытта, бір-екі айдың көлемінде немере қызымызды ұзатпақшымыз. Оған да осы ауылда тұратын, өзіміз бұрыннан танитын кісілер құда түсіп қойды. Сақалды апаларыңның өмірі осылай өтіп жатыр».

Кейіпкеріміздің аздап сыр­қаттанғаны болмаса, әлі тың. Биыл 68 жасқа толыпты. «Құдай бұйыртса, 70 жылдық мерейтойыма «Замана» ұжымын арнайы шақырып, қонақ етсем деген ниетім бар», – дейді ол кісі.

Ал апамыздың сақалы сол күйінде. Жас келген­діктен бе, аздап сиреген, ағарған. Бірақ ұзындығы сол қалпында, 13 сантиметрден аспапты. «Есіме түссе тараймын, әйтпесе оның бар-жоғы  да білін­бейді. Тек бес уақыт намазымның алдында сумен жуып қоямын, болды», – дейді Мухтабар апа.

Апамен осылай әңгіме-дүкен құрып отырғанымызда үйге ол кісінің бір топ жора-жолдастары кіріп келді. Тойың тойға ұлассын деп тілек білдіруге әрі келіннің қолынан шай ішуге келіпті. Бұл бір сәйкестік пе дерсің, келген қонақтардың арасынан да сақал-мұрты бар бір әйелді байқадық.  Сәті түсіп тұрған соң, ол кісіні де сөзге тарттық.

«Мен Мухтабардың досы әрі көршісімін. Маған да сақал балалы-шағалы бол­ғаннан кейін шыққан. Бірақ мен Мухтабар секілді емес­пін, жиі қысқартып тұра­мын. Ұзын болып өскеніне шыдай алмаймын, – дейді  Ёдгор апа. – Бүгінде Мухтабар екеуміз егіз қозыдай болып жүреміз. Жас кезімізде күйеулеріміз бізге бірдей көйлек сатып әперетін. Содан әлгі киімдерді киіп, ауыл-аймақтың той-томалағына баратынбыз. Қатарластарымыздың бәрі бізді көргеннен: «Екі сақал келді, төрді босатыңдар!» – деп қуана қарсы алатын. Қазір де солай, сақалымыздың арқасында сый-құрметке бөленіп жүрген жайымыз бар».

Мінеки, Тұрбатта тұратын сақалды апалардың жағдайы осындай. Апамызды таяуда украиналық бір телеарнадан тілшілер іздеп келіп, сұхбат алыпты. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз