2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сәйкес, республикамызға 6840 отбасы немесе 14 947 этникалық қазақ көшіп келіп, оралман мәртебесін алды. Оның басым бөлігі – Өзбекстаннан келгендер.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында айтылады.
Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 66,7 пайызы – Өзбекстаннан келгендер, сондай-ақ, 23,6 пайызы – Қытайдан, 4,2 пайызы – Түрікменстаннан, 2,4 пайызы – Моңғолиядан және 3,1 пайызы – өзге елдерден оралған қандастарымыз.
Басқа өңірлер бойынша санақ былайша: Маңғыстау облысына – 506 отбасы (2311 отбасы), Жамбыл облысына – 620 отбасы (1254 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 369 отбасы (778 адам), Акмола облысына – 272 отбасы (571 адам), Карағанды облысына – 221 отбасы (431 адам), Қостанай облысына– 154 отбасы (296 адам), Ақтөбе облысына– 51 отбасы (237 адам), Павлодар облысына – 90 отбасы (231 адам), Атырау облысына – 84 отбасы (145 адам), Сотлүстік Қазақстан облысына – 45 отбасы (102 адам), Батыс Қазақстан облысына – 6 отбасы (26 адам), Қызылорда облысына – 15 отбасы (24 адам), Астана қаласына – 341 отбасы (549 адам), Алматы қаласына – 130 отбасы (219 адам).
Елге оралған қандастарымыздың 64,2 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері – 29,7 пайыз, зейнеткерлер – 6,1 пайызды құрайды.
Еңбекке жарамды оралмандардың 10,8 пайызының жоғарғы білімі бар болса, 17,8 пайызында орта арнаулы білім бар, 68,1 пайызы – жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,3 пайызының орта білімі де жоқ.