Бұлай деуімізге себеп танымал продюсер Инстаграм парақшасында өткен жолғы атышулы оқиғадан кейінгі кезекті суретімен бөліскен екен. Бірақ бұл жолы да теріс қарап тұр.
Иә, жүзін көрсетпепті. Белгілісі, Баян аяғынан тұрды және желіде бөліскен суреттерге қарағанда Қазақстанда емес.
Есентаеваның денсаулығына алаңдаулы жанкүйерлері оның әлеуметтік желідегі әрбір жазбасы мен фотосын қалт жібермейді. Бұл жолы да солай болды. Халыққа теріс қарап түскен суретімен бөліскеннен кейін әдеттегідей Баянның Инстаграм парақшасы пікірлерге толып кетті.
Баянның бұл әрекетіне түсіністікпен қараған адамдар да табылыпты. Олардың айтуынша, Баян Мақсатқызын халыққа теріс қарап тұрды деп сынағандар да болды. Олар мұны елге деген сый-құрметсіздікке балады.