Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Атырау облысында экзотикалық аурудан айыққан малдың еті жеуге жарамды

133

Нодулярлы дерматит – Қазақстан аумағында осыған дейiн тiркелмеген экзотикалық ауру.

– Бұл – терi ауруы. Малдың терiсiне сүйел сияқты қаптап, iсiк пайда болады. Терiнiң өзiнде ғана, етке өтпейдi. Терiде қаптап, маса шаққан секiлдi болады, мысалы бiр шаршы метр аумақта жүз шақты iсiк пайда болады. Терiдегi iсiктiң биiктiгi 2 см, енi 7 см-ге дейiн барады. Осыдан кейiн олар бiр-бiрiне қосыла бастайды. 11 күннен кейiн ол жарылып, топырақ тисе, шаң қонатын болса, ауру асқынады, – дейдi ол.

Маманның айтуынша, бұл ауруға қарсы вакцина жоқ. Сондықтан ауру малға антибиотиктер егiлiп жатыр.

«Малдың емделуi мал иесiнiң қолданған шараларына да байланысты. Егер қорасына қойып, масаны қондырмай, антибиотиктердi уақытында салып, барлығын жасаған жағдайда малдар жазылып жатыр», – дейдi министрлiк өкiлi.

Оның мәлiметiнше, облыста қазiр 384 мал жазылып кеткен, ал 1 611 iрi қара емделiп жатыр. Әрi ауырған малдың иммунитетi пайда болады екен, сондықтан iрi қара екiншi қайтара нодулярлы дерматитке шалдықпайды.

Айта кетсек, Атырау облысында экзотикалық ауру салдарынан бүгiнде 130 бас iрi қара қырылған. Екi ауданда тамыз айының соңына дейiн карантин енгiзiлдi. Бұл ауру Ресейден келген. Оның қоздырғышын қан сорғыш жәндiктер тасиды екен. Ауру адамдарға жұқпайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз