Дональд Трамптың Путинмен байланысын іздеген Bloomberg сарапшылары кезінде қалың қазақты қынадай қырған Голощекиннің жиені болып табылатын, қазақстандық олигарх Машкевичтің атын атады.
«Хиллари Клинтонның кампаниясы және оның жақтастары Дональд Трампты Ресей президенті Владимир Путинмен байланыстырып отыр. Бұған Ресей президенті күле қарайтын болар. Кезінде ол да Клинтонды 2011 жылы Мәскеудегі наразылықтарды қоздырды деп айыптаған болатын.
— Осылардың бәрінің басын қоссақ, жеткілікті деңгейдегі қауіпті картинаны байқайтын боламыз, – дейді Мук.
Осымен бір мезетте либералдық блогер Джош Маршалл Трамп пен Путин арасындағы болуы мүмкін, оның ішінде, республикандықтар үміткерінің қалталы ресейліктермен жасалған келісімдер туралы үлкен мақала жазыпты.
Осының барлығын неғұрлым қаһарлы етіп көрсету үшін, осындай көп дүниелердің барлығын, олардың барлығын біріктіріп жинау қажет. Бұдан бөлек, Маршалл дұрыс байқағандай, Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары Трампқа ашықтан-ашық қолдау білдіріп отыр. Алайда Путин мен Трамптың арасында шынайы байланыс бар ма және Трамп Путиннің көмегін қабылдап жатыр деп айтуға дәлеледер жеткілікті ? Мен олай деп ойламаймын.
Трамптың Путиннің жақын ортасындағы қандай да бір мемлекеттік шенеуніктермен немесе бизнесмендермен байланысы жоқ. Шамасы, кейбір ресейлік инвестицияларды тартқан «Trump SoHo» жобасы исландиялық «FL Group» (қазір «Baugur» ретінде белгілі) компаниясы тарапынан қаржыландырылған болуы мүмкін, бірақ, атап айтарлығы, Путиннің достарымен байланыс байқалған жоқ.
Оның Қазақстаннан шыққан дәулетті бизнесмен Александр Машкевичпен байланысы бар,
бірақ Машкевич Путиннің миллиардер достарының қатарына кірмейді…
Ресеймен шынайы байланысы бар Трамптың жалғыз кеңесшісі — ол Картер Пейдж. Ол 2000-жылдардың ортасында ресейлік табиғи газдың монополисі «Газпромға» кеңес беру бойынша қызмет көрсеткен. Бірақ бұл байланыстар соншалықты жоғары деңгейде болмаған: Пейдждің Путинге жақын «Газпром» басқармасының төрағасы Алексей Миллермен достығы жоқ».
Дереккөзі: Bloomberg
Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз