Алматыда Арбаттағы өрт сөндірілді.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін таңғы сағат 07:49-да Алмалы ауданындағы Панфилов көшесі, №99-шы мекенжайында орналасқан Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық Қор ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.
«Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 4 минуттан кейін, яғни 07 сағат 53 минутта келіп жетті. Екі қабатты ғимараттың екі қабатты темір шатыры өртті сөндіруге біршама кедергі келтірді. Өртті сөндіру барысында материалдық құндылықтар қауіпсіз аймаққа шығарылды», – деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында жеке құрамнан 79 адам және 22 техника жұмыс істеді.