Қарағанды облысы Теміртау қаласында ұзақ уақыт алимент төлемей, 1 миллион теңгеден астам қарыз болған ер адам үш тәулікке қамауға алынды.
Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ер адам кәмелет жасқа толмаған екі баласына алимент төлемеген. 2012 жылы атқарушы өндірістік іс қозғалды. Оның берешегі 1 миллион теңгеден асты», – делінген хабарламада.
Сот ақпаратынша, алиментті төлемеген ер адам кінәсін мойындады. Мұны ол жұмыссыздықпен және өзінің материалдық жағдайымен түсіндірді.