Алматыдағы сойқанның салдарынан ауыр жарақат алған полиция қызметкерінің бірі –Тимур Бегасылов ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Бүгін 2016 жылдың 19 шілдесінде, 13 сағат 45 минутта жедел көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде жол-полициясы мамандандырылған полиция батальонының аға инспекторы, полиция лейтенанты Тимур Бегасылов көз жұмды. Тірі олса, осы айдың 25-інде Тимур 30-ға толар еді. Ол полиция экипажы құрамында Абылай хан даңғылының бойында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген. Қылмыскер Күлекбаевпен атыс барысында Тимур Бегасылов ауыр жарақат алды. Ол ауруханаға аса ауыр халде жеткізілді. Дәрігерлер тәртіп сақшысының өмірін сақтап қалу үшін аяғына дейін күресті, – делінген хабарламада.
Полиция лейтенанты Тимур Бегасылов ішкі істер органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бастап қызмет еткен.