Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.