Түркиядағы әскери төңкеріске байланысты Қазақстаннан Түркияға ұшатын барлық әуе рейстері істің мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды.
«Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің салалық комитеті республика қалаларынан Түркияға ұшатын 15 әуе рейсін тоқтатты: 9 рейс – отандық және 6 – шетелдік авикомпаниялар. Соның ішінде Қарағандыдан таңғы 06:30-да ұшқан Скат компаниясының рейсі де ұшу әуежайына кері оралуды», – деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы өзінің Фейсбуктағы парақшасында.