Жазира Байырбекова үйінде емдік қасиеті үшін мысық асырағанына өкінді.
Ол оның сыртта тышқан аулап жүргенін көріп, үйде таза тамақ беріп отырғанына өкінген деп хабарлайды Stan.kz.
Отандық бағдарламалардың бірінде Жазира Байырбекова жаңа үйі мен сүйікті мысығын көрсетіп мақтанған болатын. Ол аталған жануарды емдік қасиеті үшін асырап жүр екен. Күнде бетінен иіскетіп, түнде қойнына алып жататын көрінеді. Алайда әнші оның сыртта тышқан аулап жүргенін көріп қалған. Ол өзі ұсынған тамақтың түр-түрін жей тұра, тышқан аулаған мысығынан көңілі қалған.
“Мысықтың емдік қасиеті бар дегенді естіп асырағанбыз. Тек таза тамақ беріп, үйден сырқа шығармайтынбыз. Күнде келіп менің бетімнен иіскелеп, қасымда жатып ұйықтайтын еді. Бүгін мынандай ісін көріп, енді қасыма жолатқым келмей қалды. Мысықты ешкім үйретпесе де, мысықтығын жасайды екен. Жарайды бұл мысық қой. Ең бастысы, бауыр басып қалған адамнан көңіліміз қалмасын”
– дейді Жазира Байырбекова.
“Шаршап тұрған кезде әңгімесін айтқан адамның сөздерін тыңдау қиын, иә?! Оқиғасы қызық болса, жымиюың керек. Көпшіліктің ортасында жүрген соң сондай сәттер жиі болады”, – дейді ол.
Желі қолданушылары да өздерінде осындай сәттердің жиі болатынын айтып, оқиғаларын бөлісті.