ҚР Ұлттық банкінің Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде жеке парақшасы ашылды. Бұл туралы базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
– ҚР Ұлттық банкінің Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде ресми аккаунты іске қосылды. Енді солар арқылы жаңалықтарымызды, қабылданған шешімдер мен өткізіліп жатқан шаралар туралы дер кезінде хабарлап отыратын боламыз, – деді Данияр Ақышев.
– Ұлттық банк барлық аудиториямен арадағы коммуникацияны нығайтуға мүдделі және болашақта өзінің қызметі туралы ақпарат берудің жаңа түрлерін енгізетін болады, – деді ҚР Ұлттық банктің басшысы.