Қазақстанда соңғы кездері интернет-алаяқтық өршіп тұр. Ер адамдарға жалаңаш суреттерін жіберіп, торына түсіретін, сол арқылы кейін ақша бопсалайтын алаяқ қыздардың саны күрт артқан.
Бұл туралы Экспресс К басылымына сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.
“Фейсбукте” қырықтан асқан ер адамдарға жас қыздар интимді әңгіме төңірегінде сөз қозғау жағдайы бірнеше рет тіркелген. Ал олар өздерінің интимді фото, видеоларын беттерін көрсетпей түсіреді. Ал ер адамдар болса өздері туралы мәліметті толық айта салып, тіпті, өзін толықтай видеоға түсіріп те жібере береді. Ал ондай бейнематериалдар көптеп жиналғаннан кейін алаяқ қыздар бірнеше мың доллар сұрап бопсалай бастайды”, – дейді Қазақстан интернет-ассоциациясының президенті Шавкат Сәбиров.
Интернет-алаяқтардың қармағына, тіпті, ауқатты, сыпайы отбасы мүшелері де түсіп қалады.
“Ішкі істер министрі айыппұл салған, компьютерлері вирусқа толған қазақстандықтар да бар. Айыппұлды танымал төлем жүйесі арқылы электронды түрде төлеу керек. Ал кері жағдайда алаяқ құрбаны жазаға тартылады”, – дейді Шавкат Сәбиров.
Сәбиров қазақстандықтарды интернет қауіпсіздіктен сақтайтын мемлекеттік бағдарлама керек деп санайды. Дамыған елдерде ондай бағдарлама әлдеқашан жолға қойылған екен. Айтпақшы, Касперский зертханасының мәліметінше, Қазақстан алғашқы жарты жылдықта вирустар шабуылдаған қолданушылары көп бірінші мемлекет екен.
Интернет-қолданушының жеке өміріне веб-камера арқылы қол сұғу – хакерлердің жаңа тәсілі. Виртуалды қылмыскерлердің шабуылына ұшырау бойынша Қазақстан алдыңғы орындардан көрінген.
Әзірге олардың қауіптілік аймағы Алматы және Семеймен шектеліп тұр екен. Мамандар олар алдағы уақытта кеңістіктерін кеңейте береді деп қауіптенеді.
“Бізде әлі күнге ақпараттық қауіпсіздікке деген толыққанды мұқият көзқарас қалыптаспаған. Бұл процестен хабары бар кез-келген адам қазақстандықтардың веб-камераларын бұза салуы мүмкін”, – дейді бағдарламалаушы Қанат Өміркен.