Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль «Канело» Альварестің Головкинге қарсы рингке шығуға келісім береріне үміттенбегенін айтты.
Бұл туралы Sports.kz жазды.
– Мұны Golden Boy Promotions компаниясынан және Канелоның өзінен сұраңыздар. Мен Г.Головкиннің WBC бойынша жалғыз әлем чемпионы болғанын қаладым және бұл арманым орындалды. Шынымды айтсам, Канелоның жекпе-жекке келісім бермейтінін білгенбіз, – деді Санчес ESPN Deportes сұхбатында.