Маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған “Паллада” қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысы бар тоғыз адамды екі айға қамауға алды.
Маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған “Паллада” қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысы бар тоғыз адамды екі айға қамауға алды.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.kz.
“Ақтөбе қалалық №2 сотына “Паллада” қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысқан 16-29 жас аралығындағы 9 адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш келіп түсті”
– делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, 5 маусым күні Ақтөбеде ұйымдасқан лаңкестік топ қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан араларында үш әскери бар жеті адам қаза тауып, 18 лаңкестің көзі жойылған болатын.